11
октябрь 2022
АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды стигма мен кемсітушілікке ұшырауға жол бермеу!
2021 жылы Қазақстан АИТВ – инфекциясымен байланысты стигма мен кемсітушіліктің барлық түрлерін жою жөніндегі жаһандық әріптестік бастамасына қосылды. Стигматизация мен кемсітушіліктің барлық түрлерін жою 2030 жылға қарай тұрақты даму мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуде шешуші рөл атқарады. "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексімен АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға әлеуметтік және құқықтық қорғауға кепілдік беріледі. Қазақстан-зайырлы өркениетті мемлекет, сондықтан ауруларға байланысты стигмаға жол берілмейді. Бұл АИТВ-ның таралуына ықпал ететін стигма. Стигма қоғамдағы кемсітушіліктің, АИТВ– мен өмір сүретін адамдардың, негізгі топтардың өкілдерінің-ИЕТ, ЕЖЕ, секс-жұмыскерлер, трансгендерлердің құқықтарының бұзылуының негізгі себебі болып табылады. Стигмаға байланысты адамдар тестілеуден, емделуге жүгінуден қорқады, қарым-қатынасты шектейді, өмірге жоспар құруды тоқтатады.
ҚР ДСМ ҚДЖАҒО стигма мен кемсітушілікке әкелетін АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға деген теріс көзқарасты қатаң түрде айыптайды.