11
октябрь 2022
Студенттермен алдын алу шаралары жалғастырылуда
10 қазан күні Ақтөбе облыстық ЖИТС орталығының маманы Динара Уразалинова АИТВ–инфекциясының алдын алу мақсатында Батыс Қазақстан медициналық университетінің студенттерімен кездесу өткізді.
Маман АИТВ-инфекциясы туралы негізгі ақпаратты: берілу жолдары, алдын алу және емдеу шаралары туралы айтып берді. Сондай-ақ, АИТВ-оң адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілікке жол бермеу туралы атап өтті, өйткені берілу жолдары шектеулі және бүгінгі күні АИТВ инфекциясы созылмалы аурулар санатына өтті. Спикер өз презентациясында студенттерді Ақтөбе облысы бойынша эпидемиологиялық жағдаймен таныстырды.