12
октябрь 2022
Студенттерге АИТВ-инфекциясының алдын алу туралы айтылды
11 қазанда ЖИТС орталығының мамандары Матаева Мерует, Дәулетбаева Сұлутас, Құралова Анар және Жулмағамбетова Сандуғаш Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің студенттеріне дәріс өткізді. Басты мақсаты -АИТВ-инфекциясының таралуы және алдын алу мәселелері бойынша хабардарлықты арттыру.
Іс-шара барысында жастар АИТВ инфекциясы дегеніміз не; кім жұқтыруы мүмкін; аурумен "кездесуден" аулақ болу үшін не білу керек және оң мәртебесі бар адамдар қауіп төндіре ме -деген сұрақтарға жауап алды.