14
октябрь 2022
Оқушыларға арналған дәріс
11 қазанда ЖИТС орталығының эпидемиолог дәрігері Динара Уразалинова №12 ОМ оқушыларына дәріс өткізді.
Спикер АИТВ-инфекциясы, оның берілу жолдары, стигма, АИТВ-инфекциясына байланысты кемсітушілікке жол бермеу туралы айтып, қатысушыларды Ақтөбе облысы бойынша эпидемиологиялық жағдаймен таныстырып, сұрақтарға жауап берді. Сондай-ақ, бүгінгі таңда АИТВ-инфекциясымен толыққанды өмір сүруге, білім алуға және жұмыс істеуге толық мүмкіндік бар екенін атап өтті.