14
октябрь 2022
Студенттер арасындағы профилактикалық іс-шаралар.
10-14 қазан аралығында Облыстық ЖИТС орталығының мамандары студенттерге АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша дәрістер өткізді.
Іс-шаралар Қ.Жубанов атындағы университетінің экономикалық, педагогикалық, техникалық, тарих факультеттерінің, сондай-ақ кәсіби шығармашылық және жаратылыстану факультетінің студенттері үшін өтті. Олар АИТВ-инфекциясын жұқтыру жолдары туралы дәріс өткізіп қана қоймай, орталықтың қызметі туралы айтып, осы аурумен күресу шараларын талқылады.
Студенттер қонақтарға пайдалы және өзекті ақпарат бергені үшін алғыс білдірді. Мұндай ағарту іс-шаралары жоғары оқу орын үшін дәстүрге айналады деп жоспарлануда.