17
октябрь 2022
Оқушыларға арналған дәріс
14 қазанда ЖИТС орталығының эпидемиолог дәрігері Уразалинова Динара №5 және №17 орта мектептерінің оқушыларымен кездесті. Спикер АИТВ-инфекциясы, оның берілу жолдары, стигма, АИТВ-инфекциясына байланысты кемсітушілікке жол бермеу туралы айтты. Жастар арасында есірткі тұтынудың алдын алу мәселелеріне үлкен мән берілді. Маман қатысушыларды Ақтөбе облысы бойынша эпидемиологиялық жағдаймен таныстырып, сұрақтарға жауап берді.