Тестке дейінгі кеңес беру
АИТВ инфекциясына зерттеп-қарау кезінде тестілеуге дейінгі және тестілеуден кейінгі консультацияға жататын тестіленетін адамдарға ақпараттар ұсынылады.
Тестілеуге дейінгі консультация беру күту орындарында көрсетілетін көрнекі насихаттау құралдары арқылы ұсынылады.
Тестілеуге дейінгі консультация:
1) АИТВ-ға тестілеудің пайдасы, берілу жолдары және АИТВ оң және АИТВ теріс тест нәтижелерінің мәні туралы ақпараттан;
2) АИТВ оң диагнозы жағдайында антиретровирустық терапияны тегін алу туралы түсінікті қоса алғандағы қолда бар қызметтер туралы түсініктемеден;
3) серігін тестілеуге қатысты профилактика әдістері мен ұсынымдардың қысқаша сипаттамасынан;
4) тест нәтижелерінің құпиялылығына кепілдемеден тұрады.