19
октябрь 2022
Студенттерге арналған дәріс
19 қазанда ЖИТС орталығының эпидемиолог дәрігері Жулмагамбетова Сандугаш Ақтөбе гуманитарлық колледжінің студенттеріне дәріс өткізді. Жастар АИТВ жұқтыру жолдары, қорғау шаралары, есірткі тұтынудың зияны туралы ақпарат алды. Осы аурумен күресу және алдын алу жолдары талқыланды. Сондай-ақ, маман бүгінгі күні АИТВ-инфекциясымен толыққанды өмір сүруге, білім алуға және жұмыс істеуге мүмкіндік бар екенін еске салды.