01
ноябрь 2022
АИТВ-инфекциясы туралы дәріс
28 қазанда Ақтөбе облыстық ЖИТС орталығының эпидемиолог дәрігері Алтынай Артықбаева АИТВ-инфекциясы туралы дәріс өткізді. Кездесу «Interteach Aktobe» МО медицина қызметкерлері арасында өтті.
Маман АИТВ-инфекциясы туралы негізгі ақпаратты: берілу жолдары, алдын алу және емдеу шаралары туралы айтып берді. Сондай-ақ, спикер АИТВ-оң адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілікке жол бермеу туралы атап өтті, өйткені берілу жолдары шектеулі және бүгінгі күні АИТВ инфекциясы созылмалы аурулар санатына өтті. Дәріскер тыңдаушыларды Ақтөбе облысы бойынша эпидемиологиялық жағдаймен таныстырды.