14
февраль 2019
№6 қалалық емханада ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек
2019 жылдың 7-8 ақпанында Ақтөбе ЖИТС орталығының мамандары – дәрігер-эпидемиолог Т.Садықов және дәрігер-инфекционист З.Нигметова Ақтөбе қаласының №6 қалалық емханасының медицина қызметкерлеріне ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсетті.
Жүкті әйелдер мен қан құйылған адамдарды тексеру, апаттық жағдайлардың алдын алу, байланыстан кейінгі алдын алу мәселелері қаралды. Семинар барысында теориялық және практикалық мәселелер, донорлық қан құю кезінде, оны алу және жеткізу кезіндегі алдын алу мәселелері де талқыланды. Жүргізілген жұмыстарға талдау жасалып, тиісті ұсыныстар берілді.