02
ноябрь 2022
Медициналық университет студенттеріне арналған дәріс
1 қарашада ЖИТС орталығының эпидемиолог дәрігері Динара Оразалинова М. Оспанова ат. Батыс Қазақстан медицина университетінің студенттеріне дәріс өткізді. Маман АИТВ-инфекциясы, берілу жолдары, алдын алу шаралары, стигма, АИТВ-инфекциясына байланысты кемсітушілікке жол бермеу туралы толық ақпарат берді, қатысушыларды Ақтөбе облысы бойынша эпидемиологиялық жағдаймен таныстырды және сұрақтарға жауап берді. Бүгінгі таңда АИТВ-инфекциясымен толыққанды өмір сүруге, білім алуға және жұмыс істеуге толық мүмкіндік бар.