02
ноябрь 2022
Мамандар АИТВ-ға қатысты сұрақтарға жауап берді
Облыстық ЖИТС орталығының мамандары Жайлаубаева Айжан және Уразалинова Динара студенттерге "АИТВ-инфекциясының алдын алу" тақырыбында кездесу өткізді. Іс-шара Ақтөбе көлік байланыс және жаңа технологиялар колледжінде өтті.
Спикерлер АИТВ-инфекциясынан қорғану шаралары мен берілу жолдары туралы айтып берді, сондай-ақ өз презентацияларында Ақтөбе облысы бойынша эпидемиологиялық ахуалды биылғы жылдың 9 айында және өсімімен таныстырды, АИТВ-ға қатысты стигма мен кемсітушілік бойынша және берілу жолдары бойынша бейнероликтер көрсетті. Іс-шара соңында дәрігерлер барлық сұрақтарға жауап берді.