03
ноябрь 2022
Болашақ аспаздарға АИТВ-инфекциясы туралы айтылды

2 қарашада ЖИТС орталығының профилактикалық бөлімінің меңгерушісі Жайлаубаева А. және әлеуметтанушы Муханбетжанова С. Сервис колледжінің студенттеріне дәріс өткізді. Мамандар АИТВ-инфекциясы, берілу жолдары, алдын алу шаралары, стигма, АИТВ-инфекциясына байланысты кемсітушілікке жол бермеу туралы толық ақпарат берді, қатысушыларды Ақтөбе облысы бойынша эпидемиологиялық жағдаймен таныстырды. Іс-шара барысында стигма мен кемсітушілік және АИТВ-инфекциясының берілу жолдары бойынша бейнероликтер көрсетілді. Іс-шара соңында дәрігерлер барлық сұрақтарға жауап берді.