04
ноябрь 2022
Физика математика факультеті студенттеріне дәріс

3 қарашада ЖИТС ОО мамандары Жайлаубаева А., Уразалинова Д., Матаева М., Муханбетжанова С. Қ.Жұбанов ат. Ақтөбе өңірлік университетінің физика-математика факультетінің студенттеріне дәріс өткізді.
Мамандар АИТВ-инфекциясы, берілу жолдары, алдын алу шаралары, стигма, АИТВ-инфекциясына байланысты кемсітушілікке жол бермеу туралы толық ақпарат берді, қатысушыларды Ақтөбе облысы бойынша эпидемиологиялық жағдаймен таныстырды. Іс-шара барысында стигма мен кемсітушілік және АИТВ-инфекциясының берілу жолдары бойынша бейнероликтер көрсетілді. Іс-шара соңында спикерлер барлық сұрақтарға жауап берді.