07
ноябрь 2022
Әуелгі байлық денсаулық
3 қарашада ЖИТС орталығының эпидемиолог дәрігері Алтынай Артықбаева №78 мектеп гимназиясының оқушыларына дәріс өткізді. Маман АИТВ-инфекциясы, берілу жолдары, алдын алу шаралары, стигма, АИТВ-инфекциясына байланысты кемсітушілікке жол бермеу туралы толық ақпарат берді, қатысушыларды Ақтөбе облысы бойынша эпидемиологиялық жағдаймен таныстырды және сұрақтарға жауап берді. Бүгінгі таңда АИТВ-инфекциясымен толыққанды өмір сүруге, білім алуға және жұмыс істеуге толық мүмкіндік бар.