07
ноябрь 2022
Болашақ қорғаушыларға АИТВ туралы айтылды
ЖИТС орталығының эпидемиолог дәрігері Динара Уразалинова сарбаздар үшін АИТВ-инфекциясының алдын алу тақырыбында дәріс өткізді. Іс-шара 66/55 әскери бөлімінің сарбаздары үшін өтті.
Қатысушыларға алдын алу шаралары, жұқтыру жолдары, АИТВ-ға қарсы терапия және облыс бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы айтылды. Спикер сонымен қатар берілу жолдарын біле отырып, бұл инфекциядан қорықпауға болатынын атап өтті, өйткені көп жағдайда бұл АИТВ-позитивті адамдарға стигма мен кемсітушілікті тудырады, оларды оқу, еңбек және медициналық көмек алу құқығынан айырады.