15
февраль 2019
Ақтөбе қаласында ведомстволармен кеңес
2019 жылдың 13 ақпанында Ақтөбе облыстық ЖИТС орталығында «Ақтөбе облысында АИТВ-жұқпасының парентералды жолмен берілуін алдын алу» тақырыбында кеңес өтті.
Кеңесті ЖИТС ОО бас дәрігерінің орынбасары - А.Каспирова өткізді. Кеңеске Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасының, ЖШС "Арасан-Ақтөбе", қалалық бөлім және облыстық білім басқармасының, қалалық және облыстық жастар ресурстық орталықтарының, Ақтөбе облысының полиция департаментінің есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының, "Сенім-Тірек" ҚБ, "ҚР Қызыл Ай Қоғамы" АОФ, облыстық психикалық денсаулық орталығының, жоғары оқу орындарының: Қ. Жұбанов атындағы АӨМУ, С.Баишев атындағы университет, Қазақ-Орыс Халықаралық университетінің өкілдері қатысты.
Кеңес барысында Ақтөбе облысы бойынша АИТВ-жұқпасының эпидемиологиялық жағдайы, синтетикалық есірткінің облысымызда пайда болуы және оларды тарату тәсілдері, АИТВ-жұқпасының парентералды берілу жолының алдын алу шаралары, БАҚ арқылы тиімді алдын алу тәсілдері (мақалалар, аудио - және бейнероликтер, сыртқы жарнама) сұрақтары қарастырылды.
Халық арасында ресурстық жастар орталықтары, "Арасан-Ақтөбе" ЖШС және ҮЕҰ арасында алдын алу іс-шараларын бірлесіп өткізу туралы шешімдер қабылданды, сондай-ақ Ақтөбе облыстық психикалық денсаулық орталығы мамандарының қатысуымен инъекциялық есірткі тұтынушылар мен аутрич-қызметкерлерге арналған семинар жоспарланған.