КА-168/2 мекемесінің медицина қызметкерлеріне семинар
3 қараша күні КА-168/2 мекемесінің медицина қызметкерлеріне АИТВ-инфекциясының алдын алу тақырыбында семинар өткізілді. Іс шара барысында облыс бойынша эпидемиологиялық жағдай, АИТВ/ЖИТС жөніндегі нормативтік құқықтық актілері, АИТВ-ға міндетті түрде тексеруге жататындарды тестілеу бойынша, АИТВ-ға биоматериалды алу қағидаларын сақтау сұрақтары талқыланды. Сонымен қатар ЖИТС орталығының эпидемиолог дәрігерлері Жайлаубаева Айжан және Садыков Талғат стигма және АИТВ-инфекциясына байланысты кемсітушілікке жол бермеу керектігі туралы ақпарат беріп, семинар соңында қойылған сұрақтарға толық жауап берді.