АИТВ-инфекциясы бойынша семинар тренинг

Облыстық ЖИТС орталығының эпидемиолог дәрігері Уразалинова Динара оқушыларға "АИТВ-инфекциясының алдын алу" тақырыбында семинар тренинг өткізді. Іс-шара №9 мектеп гимназиясында және №13 орта мектептерінде өтті.
Спикер АИТВ-инфекциясынан қорғану шаралары мен берілу жолдары туралы айтып берді, сондай-ақ өз презентациясында Ақтөбе облысы бойынша эпидемиологиялық ахуалды биылғы жылдың 9 айында және өсімімен таныстырды, АИТВ-ға қатысты стигма мен кемсітушілік бойынша бейнероликтер көрсетті және берілу жолдары бойынша тренингін өткізді. Іс-шара соңында дәрігер барлық сұрақтарға жауап берді.