Ақтөбе гуманитарлық колледж студенттерімен кездесу

9 қарашада ЖИТС орталығының профилактикалық бөлімінің мамандары Жайлаубаева А., Артықбаева А., Даулетбаева С., Матаева М.,Уразалинова Д. Гуманитарлық колледж студенттеріне АИТВ-инфекциясының алдын алу тақырыбында кездесулер өткізді. Мамандар АИТВ-инфекциясы, берілу жолдары, алдын алу шаралары, стигма, АИТВ-инфекциясына байланысты кемсітушілікке жол бермеу туралы толық ақпарат берді, қатысушыларды Ақтөбе облысы бойынша эпидемиологиялық жағдаймен таныстырды. Іс-шара барысында стигма мен кемсітушілік және АИТВ-инфекциясының берілу жолдары бойынша бейнероликтер көрсетілді. Іс-шара соңында мамандар барлық сұрақтарға жауап берді.