10
ноябрь 2022
Қатынасқа дейінгі алдын алу
Қарашаның 9-ы күні ЖИТС ОО профилактикалық бөлімінің эпидемиолог дәрігері Алтынай Артықбаева «Наша Жизнь» қоғамдық қорының аутрич қызметкерлерімен жұмыс кездесуінөткізді.
Кездесу тақырыбы: Қатынасқа дейінгі алдын алу (ҚДАА). Іс-шараның мақсаты – халықтың негізгі топтары (ХНТ) арасында АИТВ жұқтыру қаупін барынша азайту, алдын алу шараларын күшейту. Баяндамашы тыңдаушыларды ХНТ арасындағы эпидемиологиялық жағдаймен таныстырды, ҚДАА және оны ХНТ адамдардың алуының маңыздылығы туралы айтты.