10
ноябрь 2022
Оқушыларға арналған дәріс
8 қараша күні ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының педагогы Матаева Мерует М. Құсайынов атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицей-интернат оқушыларына дәріс оқыды. Іс-шараның мақсаты – жастарға АИТВ-инфекциясы, вирустың таралу жолдары, сақтану шаралары туралы білім беру. Спикер АИТВ-ның алдын алудың ең жақсы түрі - жыныстар арасындағы қарым-қатынаста тазалық, серіктеске адалдық, мүшеқапты пайдалану екенін еске салды.