17
ноябрь 2022
«Мейірім» жастарды әлеуметтік бейімдеу орталығының тәрбиеленушілерімен кездесу
2022 жылдың 16 қараша күні Ақтөбе облыстық «Мейірім» жастарды әлеуметтік бейімдеу орталығында АИТВ-инфекциясының алдын алу тақырыбында кездесу өтті.
ЖИТС облыс орталығының маманы Уразалинова Динара тәрбиеленушілерге АИТВ-инфекциясы және оның алдын алу, берілу жолдары туралы, сондай-ақ өз презентациясында Ақтөбе облысы бойынша эпидемиологиялық ахуалды биылғы жылдың 10 айында және өсімімен таныстырды, АИТВ-ға қатысты стигма мен кемсітушілік бойынша бейнероликтер көрсетті және берілу жолдары бойынша тренинг өткізді. Іс-шара соңында маман барлық сұрақтарға жауап берді.