Жыл сайын 1 желтоқсанда Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні атап өтіледі. Дүние жүзіндегі адамдар АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қолдау көрсету үшін бірігіп
Жыл сайын 1 желтоқсанда Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні атап өтіледі. Дүние жүзіндегі адамдар АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қолдау көрсету үшін бірігіп, АИТВ-ға қатысты белгілі бір мәселелерге арналған науқанды өткізу үшін күштерін біріктіреді. Бүгін Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні өзектілігін сақтап, адамдар мен үкіметтерге АИТВ-ның әлі аяқталмағанын еске салады. АИТВ-ның адамдардың өміріне әсері туралы хабардарлықты арттыру, стигма мен кемсітушілікті жою және АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту мәселесі әлі де маңызды. 2022 жылы Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне арналған науқан 21 қарашамен -1 желтоқсан аралығында өтеді.
ЮНЭЙДС бастаған Дүниежүзілік күрес күнінің тақырыбы "теңдік уақыты!». Бұл бәрімізді теңсіздікті болдырмай, ЖИТС-ті жою үшін қажетті дәлелденген практикалық шараларды жүзеге асыруға шақырады. ЖИТС пандемиясының жалғасуына ықпал ететін тенсіздік шешілмейтін мәселе емес. 1 желтоқсанда Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні ЮНЭЙДС әрқайсымызды ЖИТС-ке қарсы күресте, кедергі келтіретін теңсіздіктерге қарсы әрекет етуге шақырады. Өкінішке орай, әлемде АИТВ-мен өмір сүретін адамдармен халықтын негізгі топтары үшін кемсітушілік пен стигманы қоса алғанда жаһандық теңсіздік әлі де сақталуда, көбіне олар елеулі құқықтық кедергілерге тап болып жатады. Теңсіздікті жою ол тек халықтың негізгі топтары мен АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың құқықтарын қорғауға ғана емес, сонымен қатар АИТВ індетімен күресудің тиімділігін арттыруға көмектеседі. Сонымен қатар, теңсіздікті жою миллиондаған адамдарды қорғайды және жалпы қоғамның өмірін жақсартады.
"АИТВ-инфекциясына қатысты барлық адамдар тең құқықтар мен мүмкіндіктерге ие болуы керек. Қажет болған жағдайда барлығыда бірдей алдын алуға, диагностикаға және ем алуға тең қолжетімділігі болуы тиіс", - деді облыстық ЖИТС орталығының бас дәрігері Жасқайрат Сүлейменов. Жасқайрат Сүлейменов атап өткендей, Ақтөбе ЖИТС орталығының 2022 жылғы негізгі жетістіктері: ұлттық стандартқа (ISO) сәйкес зертхананы аккредитациялау, АИТВ РНҚ-ны сандық анықтау үшін Bioneer Автоматты платформасында ПТР диагностикасын енгізу, АИТВ-инфекциясын диагностикалау үшін жабдықтарды орнату болып табылады. АИТВ/ЖИТС саласында жұмыс істейтін қоғамдық ұйымдармен ынтымақтастық кеңейтілуде, ЖИТС-ке қарсы күрес жөніндегі жаһандық қормен жобалар табысты іске асырылуда, АИТВ-инфекциясын емдеу тәсілдері жетілдірілуде, бұл ЮНЭЙДС-тің АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға медициналық қызмет көрсету каскады бойынша мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған ("95-95-95").
Кампания кезеңінде Ақтөбе облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығы емханалар жанындағы жастар денсаулық орталықтарымен (МСАК), жастар ресурстық орталықтармен, үкіметтік емес ұйымдармен және басқа да мүдделі ведомстволармен бірлесіп профилактикалық іс-шаралар өткізуді жоспарлап отыр. Жастар арасында "Өз АИТВ-статусыңды біл" тақырыбында акциялар, онда қатысушылар АИТВ-ға қызыл иек сұйықтығы (сілекей) көмегімен экспресс әдісімен тексеруден өте алады, негізгі топтармен семинар-тренингтер, дөңгелек үстел, әлеуметтік желілерді пайдалана отырып флешмоб және облыстың медициналық ұйымдарында жалпы халық үшін Ашық есік күндері жоспарланған. Барлық іс-шаралар салауатты және қауіпсіз өмір салтына мотивацияны қалыптастыру, АИТВ-ның алдын алу мәселелері бойынша хабардарлықты арттыру, сондай-ақ жұртшылықтың назарын АИТВ проблемаларына аудару мақсатында өткізіледі.
Бүгінде облыста АИТВ-мен өмір сүретін 406 адам диспансерлік бақылауда, оның 91% - ы ем алуда. Біздің облысымыз республика бойынша АИТВ-инфекциясының таралуы салыстырмалы түрде төмен өңірлеріне жатады, ел бойынша 15-орын (17 өңірдің ішінен). 2022 жылдың 10 айында 66 АИТВ-позитивті адам тіркелді, оның 86%-ы АИТВ-ны жыныстық жолмен, 7%-ы парентеральді, инъекциялық есірткі қолданған кезде жұқтырған. 2022 жылы анықталған ҚР азаматтарының ішінде ерлер -76%, әйелдер -24% құрады.