Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні аясындағы дөңгелек үстел
22 қарашада Облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығында Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні аясында дөңгелек үстел өтті. 2022 жылы Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне арналған науқан 21 қараша мен 1 желтоқсан аралығында өтеді, ЮНЭЙДС бастаған тақырып «Теңдік уақыты!».
Дөңгелек үстелде эпидемиолог дәрігер Самат Мұртазин баяндама жасап, облыстағы АИТВ-инфекциясы бойынша жалпы эпидемиологиялық жағдайды айтып берді, сондай-ақ емдеу-алдын алу бөлімінің меңгерушісі Табиғат Жулумова АРВ препараттар, ем туралы және профилактикалық бөлімнің меңгерушісі Айжан Жайлаубаева ведомстволармен бірлескен профилактикалық іс-шараларды өткізу жоспарлары туралы айтып берді.
Іс-шараға қатысушылар: АМСК жанындағы жастар денсаулық орталықтары, облыстық психикалық денсаулық орталығы, облыстық білім басқармасы, ПД есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы, Облыстық жастар ресурстық орталығы, "ҚР Қызыл Жарты Ай Қоғамы" ҚБ, "Шарапат" ҚБ, "Наша жизнь"ҚҚ.
Іс-шараның мақсаты: Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күнін ұйымдастыру және өткізу кезінде ведомствоаралық өзара іс-қимылды дамыту.