24
ноябрь 2022
Болашақ медбикелерге дәріс
22 қараша күні Байшев жоғарғы медициналық колледжі студенттері арасында "АИТВ-инфекциясының алдын алу" тақырыбында дәріс өтті. Облыстық ЖИТС орталығының эпидемиолог дәрігері Уразалинова Динара іс-шара барысында АИТВ-инфекциясынан қорғану шаралары мен берілу жолдары туралы айтып берді, сондай-ақ өз презентациясында Ақтөбе облысы бойынша эпидемиологиялық жағдаймен таныстырды, АИТВ-ға қатысты стигма мен кемсітушілік бойынша бейнероликтер көрсетті. Іс-шара соңында дәрігер барлық сұрақтарға жауап берді.