Білу маңызды!
Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес кампаниясы аясында кездесу
Облыстық ЖИТС орталығының эпидемиолог дәрігері Артықбаева Алтынай Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес кампаниясы аясында "АИТВ-инфекциясының алдын алу" тақырыбында кездесу өткізді. Іс-шара Ақтөбе гуманитарлық-техникалық колледж студенттері арасында өтті.
Спикер АИТВ-инфекциясынан қорғану шаралары мен берілу жолдары туралы айтып берді, сондай-ақ өз презентациясында Ақтөбе облысы бойынша эпидемиологиялық ахуалды биылғы жылдың 10 айында және өсімімен таныстырды. Іс шара соңында ниет білдірушілерге қызыл иек сұйықтығы (сілекей) арқылы АИТВ-ға жедел тестілеу жүргізілді.