28
ноябрь 2022
Дүниежүзілік ЖИТС ке қарсы күрес кампаниясы аясында семинар тренинг
Дүниежүзілік ЖИТС-ке күрес кампаниясы аясында 25 қараша күні ЖИТС орталығының мамандары дәрігер эпидемиолог Алтынай Артықбаева мен әлеуметтанушы Самал Мұханбетжанова "Жыныстық жолмен берілетін инфекциялар" тақырыбында семинар-тренинг өткізді. Оған ЖИТС облыс орталығының аутрич қызметкерлері қатысты.
Іс-шарада мамандар ЖЖБИ, берілу жолдары, негізгі белгілері, бүкіл әлем бойынша эпидемиологиялық ахуал туралы негізгі ақпаратты айтып берді. Тренинг барысында "Мен сүйемін, мен сүймеймін", "Аукцион", ойын жаттығулары өткізілді. Іс-шара соңында мамандар сұрақтарға жауап берді.