Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні аясындағы кездесу

2 желтоқсанда Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні аясында Жоғары гуманитарлық-техникалық колледж студенттері арасында "АИТВ-инфекциясының алдын алу" тақырыбында кездесу өтті. Облыстық ЖИТС орталығының дәрігер-эпидемиологы Динара Уразалинова АИТВ-инфекциясы, алдын алу шаралары және берілу жолдары туралы айтып берді.
Сондай-ақ, спикер өз презентациясында Ақтөбе облысы бойынша эпидемиологиялық жағдайды көрсетіп, жыл сайын 1 желтоқсанда Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні атап өтілетінін айта кетті. АИТВ-ның адамдардың өміріне әсері туралы хабардарлықты арттыру, стигма мен кемсітушілікті жою және АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту мәселесі әлі де маңызды. Іс-шара соңында дәрігер АИТВ-ға қатысты стигма мен кемсітушілік туралы бейнероликтер көрсетіп, барлық сұрақтарға жауап берді.