АИТВ және туберкулез

Туберкулез-қоздырушысы туберкулез микобактериясы болып табылатын инфекциялық ауру (бұрын оны ашқан ғалымның атымен Кох таяқшасы деп атаған). Туберкулез негізінен өкпенің зақымдалуымен сипатталады, бірақ адамның барлық басқа мүшелеріне зақым келуі мүмкін.
АИТВ-туберкулез ауруының қаупін арттыратын ең күшті фактор.
Туберкулез АИТВ-инфекциясының кез-келген сатысында науқаста дамуы мүмкін, бірақ иммунитет төмендеген кезде қауіп артады. Ауру дамыған сайын ағзадағы CD4 жасушаларының саны азаяды, бұл біртіндеп адамды туберкулезден қорғансыз етеді.
АИТВ-мен ауыратын науқастар үшін олардың денсаулығын бақылау өте маңызды. Иммун тапшылығы кезінде туберкулездің клиникалық көріністері белгілі белгілерден өзгеше болуы мүмкін. Көбінесе бұл жағдайда дене қызуы 39-40 С-қа дейін мерзімді жоғарылауы, әлсіздік және терлеу, құрғақ жөтел байқалады.