«Экотон-Батыс» ЖШС қызметкерлерімен кездесу
20 қаңтарда Ақтөбе облыстық ЖИТС орталығының эпидемиолог дәрігері Динара Уразалинова АИТВ-инфекциясы туралы дәріс өткізді. Кездесу "Экотон-Батыс" ЖШС қызметкерлері арасында өтті.
Маман АИТВ-инфекциясы туралы негізгі ақпаратты: берілу жолдары, профилактикалық және емдік іс-шаралар туралы айтып берді. Спикер сондай-ақ АИТВ-оң адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілікке жол берілмейтіндігін атап өтті, өйткені берілу жолдары шектеулі және бүгінгі күні АИТВ инфекциясы созылмалы аурулар санатына өтті. Дәріскер өз баяндамасында қатысушыларды Ақтөбе облысы бойынша эпидемиологиялық жағдаймен таныстырды. Іс-шараға барлығы 18 адам қатысты.