26
январь 2023
Тәні саудың жаны сау
АИТВ-инфекциясының алдын алу мақсатында 24 қаңтар күні 31 орта мектеп жананындағы «Шолпы» қыздар клубында кездесу өтті.
Іс шара барысында ЖИТС орталығының эпидемиолог дәрігері Алтынай Артықбаева қыздарға АИТВ-инфекциясы, берілу жолдары, алдын алу шаралары туралы ақпарат берді. Сонымен қатар салауатты өмір салтын сақтау, қауіпсіз жыныстық мінез-құлық, АИТВ/ЖИТС-ке байланысты стигма және кемсітушілік болдырмау сұрақтары қаралды.