30
январь
2023
Сыртқы сапаны бағалау

23 қаңтарда капилярлы қанмен "HIV EARLY DETECT" жедел тестілерімен жұмыс істейтін сенім пунктінің медбикелері үшін АИТВ-инфекциясына жедел тестілеудің сапасын бақылау үшін өткізілетін "Сапаны сыртқы бағалау" (ССБ) өтті. Кептірілген пробиркалық үлгілерді тестілеу әдістемесі мен техникасы ("DTS" БЖБ) бірлесіп пысықталды, есептер құрастырылды, ССБ бағдарламасына қатысудың мәні түсіндірілді. Тестілеу орындарына, экспресс - тестілеу саласындағы жұмыс техникасына баға берілді, жұмысқа жарамдылық критерийлері, проблемалық мәселелер, түзету әрекеттері талқыланды, ұсыныстар берілді.