Иммундық жүйе
Иммундық жүйе -бұл ағзаны әртүрлі аурулардан қорғауға және ағзаға енген бөгде заттармен (вирустар, бактериялар, саңырауқұлақтар) күресуге бағытталған органдардың, тіндердің және жасушалардың жиынтығы. Адамның иммун тапшылығы вирусының басты ерекшелігі мен қауіптілігі-бұл иммундық жүйеге әсер етіп, оны қорғау мүмкіндігінен айырады. ЖИТС дамыған соңғы кезеңде иммундық жүйе әлсірейді және бұдан былай әртүрлі инфекциялардан қорғауды қамтамасыз ете алмайды. Адам АИТВ-инфекциясының өзінен емес, иммундық жүйеге қарсы тұра алмайтын кез-келген басқа аурудан қайтыс болады.