03
февраль 2023
"Ассанадорстрой"қызметкерлеріне арналған дәріс
2 қаңтарда ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының эпидемиолог дәрігері Динара Уразалинова Ақкемер вахталық кентіне жұмыс сапарымен барып, "Ассанадорстрой" ЖШС қызметкерлеріне дәріс өткізді. Іс-шараның мақсаты-қызметкерлерге АИТВ-инфекциясы, вирустың таралу жолдары, қорғаныс шаралары туралы білім беру. Спикер облыстағы эпидемиологиялық жағдаймен таныстырды, АИТВ-ның жыныстық жолмен берілуінің ең жақсы алдын алу-бұл жыныстық қатынастардағы тазалық, серіктеске адалдық, мүшеқап қолдану екенін айтты.