06
февраль 2023
Жұмыс орындарында АИТВ-инфекциясының алдын алу
ЖИТС орталығының эпидемиолог дәрігері Динара Уразалинова «Локомотивное депо» ЖШС қызметкерлеріне АИТВ-инфекциясының алдын алу тақырыбында дәріс өткізді. Қатысушыларға алдын алу шаралары, жұқтыру жолдары, АИТВ-ға қарсы терапия және облыс бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы айтылды. Спикер сонымен қатар берілу жолдарын біле отырып, бұл инфекциядан қорықпауға болатынын атап өтті, өйткені көп жағдайда бұл АИТВ-позитивті адамдарға стигма мен кемсітушілікті тудырады, оларды оқу, еңбек және медициналық көмек алу құқығынан айырады.