№5 ҚЕ медицина қызметкерлеріне Ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек
2-3 ақпанда ЖИТС ОО эпидемиологтары Сандуғаш Жулмағамбетова мен Назгүл Жүсіпалиева №5 қалалық емхананың медицина қызметкерлеріне ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсетті. Сапар барысында жүкті әйелдер мен олардың жыныстық серіктестерін, реципиенттер мен фертилдік жастағы әйелдерді қоса алғанда, тиісті контингенттің АИТВ-инфекциясына тексеру мәселелері бойынша семинарлар өткізілді. Емханада "Болашақ" жастар денсаулық орталығы жұмыс істейді, онда психолог, гинеколог, уролог, заңгер және мектеп дәрігері сияқты арнаулы мамандар бар, олардың қызметтеріне осы ұйымға бекітілген 16-29 жас аралығындағы жастар жүгіне алады. Сондай-ақ, жастар осы орталыққа АИТВ-инфекциясын жедел әдіспен тексеру үшін жүгіне алады.