АИТВ-инфекциясының берілу жолдары бойынша тренинг өткізілді
1 ақпан күні профилактикалық бөлімінің меңгерушісі Айжан Жайлаубаева Ақтөбе облыстық есту және көру қабілетінде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернат колледж кешенінің оқушыларымен студенттеріне АИТВ-инфекциясының алдын алу мақсатында кездесу өткізді.
Маман АИТВ-инфекциясынан қорғану шаралары мен берілу жолдары туралы айтып берді, сондай-ақ өз презентациясында Ақтөбе облысы бойынша эпидемиологиялық жағдаймен таныстырып, АИТВ-ға қатысты стигма мен кемсітушілік бойынша бейнероликтер көрсетті және берілу жолдары бойынша тренинг өткізді. Іс-шара соңында дәрігер барлық сұрақтарға жауап берді.