13
февраль 2023
Алға ауданына іссапармен
10 ақпан күні ЖИТС облыс орталығының мамандары Жумагул Кузбакова және Айжан Жайлаубаева Алға ауданына АИТВ-инфекциясының алдын алу мақсатында іссапармен барды. Іссапар кезінде Алға аудандық орталық ауруханасы, аудандық полиция бөлімі, Алға индустриялық-техникалық колледжі, барлық мектептер қамтылды.
Іс шара барысында тыңдаушыларға АИТВ-инфекциясы, берілу жолдары, алдын алу шаралары, облыс бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат берді. Сонымен қатар салауатты өмір салтын сақтау, қауіпсіз жыныстық мінез-құлық, АИТВ/ЖИТС-ке байланысты стигма және кемсітушілік болдырмау сұрақтары қаралды.