04
март 2019
Кураторларға арналған семинар
Ақтөбе облысының ЖИТС орталығының мамандары профилактикалық бөлімінің меңгерушісі А.Жайлаубаева және педагог М.Матаева «АИТВ-жұқпасының алдын алу» тақырыбына семинар өткізді. Семинарға Қ.Жұбанов атындағы университетінің декандары, тәрбие жөніндегі орынбасарлары және кураторлар қатысты.
Семинар барысында Ақтөбе облысының АИТВ-жұқпасының эпидемиологиялық жағдайы, жұғу жолдары, алдын алу шаралары, сонымен қатар стигма мен оқшаулау туралы сұрақтар қарастырылды. Мамандар облыста синтетикалық есірткінің пайда болуына және олардың таралу тәсілдеріне ерекше мән беріп, қатысушылардың барлық сұрақтарына жауап берді.