01
март 2023
1 наурыз -Кемсітушілікке қарсы күрес күні
Кемсітушілікке қарсы күрес күні жыл сайын әлемнің барлық елдерінде 1 наурызда атап өтіледі. Биылғы жылы кемсітушілікке қарсы күрес күні "Қылмыссыздандыру өмірді сақтайды" ұранымен өтеді.
ЮНЭЙДС халықтың негізгі топтары мен АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды қылмыссыздандыру өмірді сақтап, ЖИТС пандемиясын жеңуге көмектесетінін атап көрсетеді. Қазіргі уақытта ЖИТС-пен күреске нұқсан келтіретін- кемсітушілік. Сарапшылардың пікірінше, АИТВ-мен сырқаттанушылықтың өсуі теңсіздік пен қылмыстық заңдар үстемдік ететін аймақтарда байқалады. Халықтың негізгі топтарына және АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға бағытталған қылмыстық заңдар адам құқықтарын бұзады, стигматизацияны күшейтеді және олардың денсаулығын сақтау үшін қажетті қолдау мен қызмет көрсетуге кедергілер жасау арқылы адамдарға қауіп төндіреді.
БҰҰ мәліметтері бойынша, әлемдегі адамдардың 70% - дан астамы кемсітушілікке тап болады.