02
март 2023
Медицина қызметкерлеріне арналған семинар

ЖИТС ОО эпидемиологтары Самат Мұртазин, Алтынай Артықбаева және Төребек Сүлейменов АИТВ-инфекциясы мәселелері бойынша ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсетіп, №4 қалалық емхананың медициналық қызметкерлеріне семинар өткізді.
Сапар барысында ЖИТС орталығының дәрігерлері АИТВ-инфекциясына тексерілетін контингентті кодтау, төтенше жағдай туындаған кезде медицина қызметкерінің тактикасы мәселелерін көтерді, сондай-ақ медиктерді облыстағы эпидемиологиялық жағдаймен таныстырды.