02
март 2023
"Жас ұрпақ" жастар денсаулық орталығының мамандарына арналған семинар.
ЖИТС ОО дәрігер-эпидемиологы Алтынай Артықбаева №3 қалалық емхана жанындағы жастар денсаулық орталығының мамандарына арналған оқыту семинарын өткізді.
Эпидемиолог ЖИТС орталығы жанындағы сенім пункті мен Достық кабинеті көрсететін қызметтер туралы, жастар арасында АИТВ жұқтырудың алдын алу шаралары туралы айтып берді. Сондай-ақ, 16-29 жас аралығындағы жастардың АИТВ-инфекциясына МДО-ға жүгіну кезінде экспресс әдісімен тексеруге үлкен мән берілді.