03
март 2023
АИТВ -бұл үкім емес!
ХХІ ғасырда "АИТВ-инфекциясы" диагнозымен сіз ұзақ және толыққанды өмір сүріп қана қоймай, сау бала туа аласыз. Әрине, оқиғалардың дамуының бұл нұсқасы дәрігерге үнемі барып, оның тағайындауларын орындаған жағдайда мүмкін болады. Бүгінгі таңда АИТВ туралы ең бастысы білу керегі: инфекция үкім емес, өмір сүру жағдайлары сәл өзгеше болады. Медицина бір орында тұрмайды, жыл сайын жаңа антиретровирустық препараттар пайда болады, оларды жүйелі қабылдау аурудың дамуын бәсеңдетеді, өмірді көптеген жылдарға ұзартады.
АИТВ/ЖИТС-тің алдын алудың алғашқы қадамы вирусқа тестілеу болып қала береді. Нәтиже қандай болмасын-теріс немесе оң - адам міндетті түрде қолдау мен кеңес алады, әрі қарай не істеу керектігін біледі.