Мұғалжар ауданында АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша өткізілген іс-шаралар
Облыстық ЖИТС орталығының мамандары Кузбакова Жумагүл, Дусеева Галия, Уразалинова Динара 16-17 наурыз күндері Мұғалжар ауданына іссапармен барып АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша іс-шаралар өткізді. Іс-сапар кезінде мамандар Мұғалжар қаласының мектеп оқушылары, колледж студенттері, Мұғалжар аудандық полиция бөлімінің жеке құрамына және «Шапағат» медицина орталығының, Мұғалжар аудандық орталық аурухана медициналық қызметкерлеріне дәрістер өткізілді. Спикерлер АИТВ-инфекциясынан қорғану шаралары мен берілу жолдары туралы айтып берді, сондай-ақ өз презентацияларында Ақтөбе облысы бойынша эпидемиологиялық жағдаймен таныстырып, АИТВ-ға қатысты стигма мен кемсітушілік бойынша бейнероликтер көрсетті және берілу жолдары бойынша тренингін өткізді.