Шалқар ауданына іс-сапармен

Облыстық ЖИТС орталығының мамандары Муртазин Самат, Дусеева Галия, Жулмагамбетова Сандуғаш 13-14 наурыз күндері Шалқар ауданына іссапармен барып АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша іс-шаралар өткізді. Іс-сапар кезінде мамандар Шалқар қаласының мектеп оқушылары, агро-техникалық колледж студенттері, Шалқар аудандық полиция бөлімінің жеке құрамына және Шалқар аудандық орталық аурухана медициналық қызметкерлеріне дәрістер өткізді. Спикерлер АИТВ-инфекциясынан қорғану шаралары мен берілу жолдары туралы айтып берді, сондай-ақ өз презентацияларында Ақтөбе облысы бойынша эпидемиологиялық жағдаймен таныстырып, АИТВ-ға қатысты стигма мен кемсітушілік бойынша және берілу жолдары бойынша тренингтер өткізді.