АИТВ-позитивті әйел сау баланы дүниеге әкеле алама?

Әйелдер консультациясында есепке тұрған әрбір жүкті әйел АИТВ - ға екі рет тестілеуден өтуі тиіс – есепке қою кезде және үшінші триместрде.
АИТВ-ға антиденелерге оң немесе күмәнді талдау анықталған жағдайда диагнозды нақтылау үшін әйел адамды дереу ЖИТС орталығына консультацияға жібереді.
АИТВ-ның анадан балаға берілуі жүктілік кезінде, көбінесе жүктіліктің соңғы мерзімдерінде, босану кезінде және ана сүтімен тамақтандыру кезінде мүмкін болады.
Егер анасы жүктілік басталғанға дейін алты ай ішінде немесе жүктілік кезеңінде жұқтырса, сондай-ақ жүктілік АИТВ-инфекциясының кеш сатыларында басталса, баланы жұқтыру қаупі артады. Жоғары вирустық жүктеме (қандағы вирус мөлшері) және төмен иммунитет кезінде қауіп артады.
Егер АИТВ-оң әйел жүктілік пен босану кезінде антиретровирустық препараттарды (АРВ препараттары) алса, сау баланың туылу мүмкіндігі өте жоғары. Жаңа туылған нәрестелердің 45% -ы АИВ-ны анасынан жатырда немесе босану кезінде алады.
АРВ терапиясын уақтылы тағайындау және ана сүтінен бас тарту балаға 98% - дан астам жағдайда вирустың таралуын болдырмауға мүмкіндік береді.
АРВ терапиясы әйелдің және оның болашақ баласының денсаулығын едәуір жақсартады. Ол көптеген әйелдерді бала туу мүмкіндігін арттырды.