29
март 2023
АИТВ-инфекциясының және нашақорлықтың алдын алу

28 наурыз күні профилактикалық бөлімінің эпидемиолог дәрігері Алтынай Артықбаева Есет батыр атындағы олимпиада резервінің облыстық мектеп-интернат колледж студенттеріне АИТВ-инфекциясының және нашақорлықтың алдын алу мақсатында кездесу өткізді.
Маман АИТВ-инфекциясынан қорғану шаралары мен берілу жолдары туралы айтып берді, сондай-ақ өз презентациясында Ақтөбе облысы бойынша эпидемиологиялық жағдаймен таныстырып, нашақорлықтың салдары туралы бейнероликтер көрсетті. Іс-шара соңында дәрігер барлық сұрақтарға жауап берді.