Дүниежүзілік денсаулық сақтау күні
7 сәуір күні Ақтөбе қаласының «Қобыланды батыр» атындағы орталық стадионының «Арбат» алаңында «Баршаңызға - Денсаулық» атты ұранымен, дүниежүзілік денсаулық күні аясында акция өтті.
Ақтөбе қаласының медицина мекемелері «Денсаулық қалашығы», «Денсаулық бұрыштарын» ұйымдастырып оның ішінде медициналық сала мамандарының кеңестері жүргізілді: көз дәрігері, невропатолог, кардиолог, онколог, маммолог, эндокринолог, диетолог және т.б.
Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында медицина қызметкерлері арасында «Дені саудың тәні сау» атты спорттық эстафета, скандинавиялық серуендеу шаралары өткізілді.
Іс-шара барысында Ақтөбе АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы денсаулық бұрышын ұйымдастырып АИТВ-инфекцисына тексеру жүргізді. Тұрғындар арасында АИТВ-инфекциясы туралы білім деңгейін анықтау мақсатында сауалнама өткізілді.