Курсанттармен кездесу
7 сәуір күні Әуе қорғанысы күштері Әскери институты басшылығының бастамасымен Ақтөбе АИТВ алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығының маманымен бірлесіп, курсанттарға АИТВ – инфекциясының алдын алу бойынша дәріс жүргізілді.
Іс шара барысында алдын алу бөлімінің дәрігер эпидемиологы Уразалинова Динара АИТВ-инфекциясынан қорғану шаралары мен берілу жолдары туралы, сондай-ақ өз презентациясында Ақтөбе облысы бойынша эпидемиологиялық жағдаймен таныстырып, АИТВ-ға қатысты стигма мен кемсітушілікті болдырмау бойынша ақпарат берді. Іс-шара соңында дәрігер барлық сұрақтарға жауап берді.